Англия-Аргентина арасындағы тартыс: жартылай финал ойыны сағат нешеде басталады
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан уақыты бойынша 16 шілде, бейсенбіге қараған түні 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының жартылай финалдық кезеңі аяқталады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жартылай финалдың соңғы ойынында Англия мен Аргентина өзара кім мықтыны анықтайды. Кездесу АҚШ-тың Атланта қаласында өтеді. Матчтың жеңімпазы финалда Испаниямен кездеседі.
Қазақстан уақыты бойынша 16 шілдеге арналған кесте:
- 00:00 (15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні). Англия - Аргентина. "Мерседес-Бенц" стадионы, Атланта
Матчты тікелей эфирде Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді.
Айта кетейік, Аргентина құрамасы – 2022 жылғы әлем чемпионы. Ал Англия сол әлем біріншілігінде ширек финалда жарыс жолынан шығып қалған болатын. Бұған дейін олар 2018 жылы Ресейде өткен әлем чемпионатында төртінші орын алған еді.
- "Не деген масқара": Бразилия президенті ӘЧ-тегі жеңілістен кейін елге оралмаған футболшыларды сынға алды
- ӘЧ-2026: Англияның футбол құрамасы ширек финалда Норвегияны жеңді
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2399982-zhartylai-final-angliia-argentina-matchy-sagat-neshede-bastalady/