jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Мәскеуде туылған хоккейші Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан намысын қорғамақ

    Дмитрий Гурков
    Дмитрий Гурков. Фото: shaiba.kz

    "Динамо" клубының түлегі, биыл "Барыс" сапында 34 ойын өткізген Дмитрий Гурков Ресей төлқұжатынан бас тартты, деп хабарлайды Shaiba.kz.

    Қазіргі таңда Гурков Финляндия мен Латвияда өтетін әлем чемпионатына дайындық үстінде. Оның ресейлік төлқұжатынан бас тартқаны айтылуда.

    Дмитрий Гурков - Мәскеу тумасы. Ол "Динамо" клубында тәрбиеленіп, 2015 жылдан бері Қазақстан намысын қорғап жүр.

    26 жастағы хоккейші биылғы маусымда "Барыс" сапында 34 ойын өткізіп, нәтижелі паспен көзге түскен.

    Дмитрий Гурков 2018, 2021 және 2022 жылдары өткен әлем чемпионатында Қазақстан атынан сынға түскен.

    Айта кетелік, бұған дейін үш хоккейшінің әлем чемпионаты қарсаңында Қазақстан азаматтығынан бас тартқанын хабарлаған болатынбыз.

    Биылғы әлем чемпионаты 12-28 мамыр аралығында Латвияның Рига және Финляндияның Тампере қаласында өтеді.

    Қазақстан құрамасы Норвегия, Чехия, Канада, Швейцария, Словакия, Словения және Латвиямен бірге "В" тобында бақ сынайды.

    Мәскеуде туылған хоккейші Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан намысын қорғамақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.