jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Бапкері ауысқан "Барыс" хоккей клубы қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    "Барыс" хоккей клубы ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчы аясында өз алаңында мәскеулік "Динамоны" қабылдады. Астаналық клуб қарсыласын буллит сериясында жеңіп кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Астаналықтар ойын барысында есепте екі мәрте алға шықты. Алайда тартысты кездесу овертаймға ұласып, бәрі буллит сериясында шешілді. Нәтижесінде матч 3:2 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

    Мәскеулік клуб сапынан Джордан Уэл мен Никита Гусев шайба соқты. "Барыстан" Әділ Бекетаев пен Райли Барбер мергендік танытты. Жеңіс сыйлаған буллиттің авторы Батырлан Мұратов.

    13 қазан күні "Барыс" өз алаңында Ярославльдің "Локомотивін" қабылдайды.

    Айта кетейік, жетінші қазан күні белорусиялық Андрей Скабелка "Барыс" клубының бапкері қызметінен кетті. Оның орнына Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Ғалым Мәмбетәлиев келді. Мәмбетәлиевтің басқаруымен бірінші матчта "Барыс" ресейлік "Трактор" командасын жеңген еді (2:0).

    Бапкері ауысқан "Барыс" хоккей клубы қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.