jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан үшінші рет жеңілді

    "Барыс" хоккей клубы
    "Барыс" хоккей клубы. Фото: hcbarys.kz

    Елордалық "Барыс" клубы жыл сайын өтетін Құрлықтық хоккей лигасының кезекті ойынында уфалық "Салават Юлаевтан" жеңілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бұл кездесу қос команда үшін жұлдыздар матчы мен Санкт-Петербургтегі халықаралық турнирден соң алғашқы ойын болды. Сол жарыста Қазақстан құрамасы 3-орын иеленген еді.

    ҚХЛ-дың Шығыс конференциясының кезекті турында "Салават Юлаев" өз алаңында 5:4 есебімен жеңіске жетті.

    "Салават Юлаев" – "Барыс" 5:4 (2:2, 2:0, 1:2)

    • 0:1 – 08:15 – Оберг (Старченко);
    • 1:1 – 10:29 – Коледов (Хафизуллин, Сучков);
    • 1:2 – 11:46 – Камара (ЛаБейт);
    • 2:2 – 14:02 – Тимкин (Кулёмин, Ефремов);
    • 3:2 – 23:03 – Мелош (Шмелёв, Шаров);
    • 4:2 – 26:42 – Сучков (Шмелёв, Шаров);
    • 4:3 – 44:33 – Шестаков (Оберг, Ножье);
    • 4:4 – 54:56 – Рымарев (Шестаков, Скленичка);
    • 5:4 – 57:22 – Кулёмин (Хмелевский, Бирюков).

    Бұл астаналық команданың қатарынан үшінші жеңілісі. "Барыс" 31 ұпаймен 41 матчтан кейін ҚХЛ жиынтық кестесінің соңғы орынына жайғасты. "Салават Юлаев" 40 кездесуде 52 ұпай жинап, Шығыс конференциясында үшінші орында тұр.

    "Барыс" хоккей клубы қатарынан үшінші рет жеңілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.