jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Номад" хоккей клубы Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды

    "Номад" хоккей клубы
    "Номад" хоккей клубы. Фото: pro.ligasy.kz

    Астаналық "Номад" хоккей клубы 2024 жылғы маусымның Құрлықтың кубок иегері атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ pro.ligasy.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Номад" ұжымы "Кардифф" (5:2) пен "Хернинг Блю Фоксты" (7:2) негізгі уақытта жеңіп, қорытынды тур алдында алты балл жинады. Ал "Катовице" құрамасы Уэлс елінің командасына 2:3 есебімен жеңілді. Демек "Номадты" жеңгеннің өзінде поляктар ұпай саны бойынша қазақстандықтарды қуып жете алмайды.

    Осылайша, "Номад" мерзімінен бұрын Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды. Еске салайық, қазақстандық команда осындай нәтижеге екінші рет қол жеткізіп отыр. 2019 жылы ҚК финалында бірінші орынды көкшетаулық "Арлан" иеленген еді.

    Турнирдің қорытындысы бойынша Уэльстегі финалдың үздік сұрмергені екі гол салып, нәтижелі пас берген – Станислав Александров. Соққылардың 92,59 пайызына тойтарыс берген Никита Бояркин турнирдің үздік екінші қақпашысы атанды.

    "Номад" хоккей клубы Құрлықтық кубоктың жеңімпазы атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.