Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барыс" хоккей клубы ҚХЛ-дағы кезекті матчында жеңіске жетті

Опубликовано:

"Барыс" және "Cалават Юлаев" командаларының хоккейшілері
"Барыс" және "Cалават Юлаев" командаларының хоккейшілері. Фото: hcbarys.kz

Астанада "Барыс" клубы Ресейдің "Cалават Юлаев" (Уфа) ұжымын жеңді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Құрлықтық хоккей лигасы аясында өткен ойын 3:2 есебімен "Барыстың" пайдасына шешілді.

Алғашқы таймда елордалық командадан Дмитрий Гурков есеп ашты. Екінші таймда Кирилл Савицкий басымдықты арттырды. Кейін "Салават Юлаев" хоккейшісі Михаил Науменков мергендік танытты. Үшінші кезеңде оның командаласы Николай Кулёмин таразы басын теңестірді. Негізгі уақыт 2:2 есебімен аяқталып, матч овертаймға ұласты. Овертаймда есеп өзгерген жоқ. Кейін буллитте "Барыс" Понтус Обергтің шайбасы арқылы жеңіске жетті.

Енді елордалық клуб 19 қаңтарда өз айдынында Мәскеудің "ЦСКА" ұжымын қабылдайды.

Еске салайық, өткен ойында "Барыс" командасы Ресейдің "Лада" (Тольятти) клубына есе жіберген еді (0:3). Бұл елордалық ұжымның ҚХЛ-да қатарынан төртінші рет жеңілуі болды. Кейін команда бапкері шәкірттерінің неліктен жеңіліске ұшырағанын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2055847-barys-xokkei-kluby-qxl-dagy-kezekti-matcynda-zeniske-zetti/

pixel