jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Барыс" клубының ойыншысы ҚХЛ-дың үздік хоккейшісі атағына үміткерлер қатарында

    Хоккейші Давид Скленичка
    Хоккейші Давид Скленичка. Фото: hcbarys.kz

    Астаналық "Барыс" командасының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы Давид Скленичка Құрлықтық хоккей лигасының үш апталық қорытындысы бойынша үздік ойыншылардың қатарына енді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚХЛ лигасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарайды.

    Қазақстандық клуб ойыншысы 3.47 ұпаймен үздіктер тізімінің оныншы орнына жайғасты. Үздіктер қатарында "Салават Юлаев" командасының шабуылшысы Иван Дроздов 4.34 ұпаймен көш бастап тұр.

    "Рейтинг көптеген статистикалық көрсеткіштерге негізделіп есептеледі. Мысалы, қақпашылардың рейтингіне әрбір қайтарған шайба саны әсер етеді. Ал өткізіп алған әрбір шайба үшін рейтингтен ұпай алынады.

    Қорғаушылардың рейтингі ұпайдан бөлек қақпаға шайбы салуға мүмкіндік бермеуіне, әдіс-тәсілдеріне байланысты болады. Ал шабуылшылардың көрсеткіші тең құрамда әрекет етуіне қарай есептеледі", – деп жазды ҚХЛ лигасының баспасөз қызметі.

    ҚХЛ лигасының 16-18 апта аралығындағы үздік 10 хоккейшісі:

    1. Иван Дроздов ("Салават Юлаев") – 4.34;
    2. Никита Гусев ("Динамо") – 4.16;
    3. Александр Никишин ("СКА") – 3.86;
    4. Никита Серебряков ("СКА") – 3.72;
    5. Сэм Энэс ("Динамо" Минск) – 3.69;
    6. Максим Березин ("Лада") – 3.66;
    7. Дамир Шарипзянов ("Авангард") – 3.66;
    8. Владислав Каменев ("ЦСКА") – 3.64;
    9. Александр Елесин ("Локомотив") – 3.53;
    10. Давид Скленичка ("Барыс") – 3.47.

    "Барыс" клубының ойыншысы ҚХЛ-дың үздік хоккейшісі атағына үміткерлер қатарында

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.