Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Канвон-2024: Қазақстан хоккей құрамасы үшінші рет жеңіске жетті

Опубликовано:

Қазақстандық хоккейші
Қазақстандық хоккейші. Фото: olympic.kz

Жасөспірімдер арасындағы Канвон-2024 (Оңтүстік Корея) қысқы Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 3x3 хоккейден кезекті жеңіске қол жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін, 23 қаңтарда қазақстандық хоккейшілер топтық кезеңдегі тағы бір ойынын Испания командасына қарсы өткізді. Кездесу Қазақстан құрамасының жеңісімен аяқталды (14:4). Бұл жеңіс топта 4-орынға шығуға мүмкіндік берді.

Топтық кезеңдегі соңғы ойын бүгін өтеді. Қазақстан командасы Ұлыбритания ұлттық құрамасымен кездеседі.

Еске салайық, Қазақстан хоккей құрамасы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы ойынын Польшаға қарсы өткізіп, 18:8 есебімен жеңген болатын. Кейін ұлттық құрама Австриядан 9:8, Латвиядан 11:15, Даниядан 8:6 есебімен жеңіліп қалды. Десе де топтық кезеңдегі төртінші ойында қазақстандық хоккейшілер Тайбэйді ірі есеппен ұтқан еді.

Айта кетейік, Канвон-2024 Олимпиадаcы 1 ақпанға дейін жалғасады. Дүбірлі додаға елімізден 41 спортшы барды. Олар 5 спорт түрінен 9 дисциплина бойынша бақ сынап жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2056958-kanvon-2024-qazaqstan-xokkei-quramasy-usinsi-ret-zeniske-zetti/

pixel