jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтай алмады

    "Қазақстан" және "Норвегия" құрамалары арасындағы ойын
    "Қазақстан" және "Норвегия" құрамалары арасындағы ойын. Фото: icehockey.kz

    Қазақстан құрамасы Финляндияда өтіп жатқан шайбалы хоккейден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтап қалу үшін матч өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    B тобындағы Қазақстан құрамасы элиталық дивизиондағы орнын сақтау үшін А тобында көш соңында тұрған Норвегияға қарсы ойнады. Матчтың негізгі уақыты 5:5 есебімен тең аяқталды. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Ал ойыннан кейінгі буллитте норвегиялықтар басым түсті (3:2).

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы топтық кезеңде төрт матч өткізді. Оның тек біреуінде жеңіске жетіп, үшеуінде ұтылды. Отандастарымыз Чехия командасынан овертаймда 4:3 есебімен басым түсіп, тарихи жетістікке жеткен еді. Бірақ Швейцария (1:5), Швеция (1:7) және Канада (3:11) құрамаларынан ұтылып қалды.

    Енді келесі жылы хоккейден Қазақстан жастар құрамасы IA дивизионында ойнайды.

    Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы орнын сақтай алмады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.