Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

22 жастағы қазақстандық Түркия хоккей құрамасының ойыншысы атанды

Опубликовано:

Бертан Демирделен
Бертан Демирделен. Фото: instagram.com/bera_d_95

Жақында хоккейден әлем чемпионатында Қазақстанның тумасы Бертан Демирделен Түркия құрамасының сапында дебют жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спорт журналисі Иван Резванцевтің Instagram желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

22 жастағы Бертан Булянт Демирделен – "Астана" хоккей клубының түлегі. Ол қазір түркиялық "Буз Адамдар" командасында ойнайды.

"Мен Алматыда дүниеге келдім. Үш жасқа толғанымда Астанаға көштік. Сол жақта хоккеймен айналыса бастадым. Әкем - Түркия азаматы, Алматыда тұрады және сонда жұмыс істейді. Анам Қазақстанда туған, Астанада тұрады.

Қыста бос уақытымда достарыммен "Барыс" спорт кешенінің артындағы Ақбұлақ өзеніне баратынмын. Достарымның бірі хоккеймен айналысып жүрген. Мен онымен бірнеше рет жаттығуға барып көрдім, маған ұнады. 9-10 жасымда қолыма хоккей таяғын ұстадым", - деді ол.

Бертан Демирделен павлодарлық "Ертіс" хоккей клубында да ойнаған.

"Ертістен" кейін мансабымды Қазақстанда жалғастыруға қатысты ұсыныстар болды. Бірақ Павлодарда жүргенде түркиялық клубтан ұсыныс түсті. Ол клубта ойнасам Түркияның ұлттық құрамасына қосылуға мүмкіндік болады екен. Мен бұл ұсынысты қабылдадым, өйткені бала кезімнен әлем чемпионатында ойнауды армандадым. Әрине, Қазақстан құрамасының ойыншысы болуды да қаладым. Бірақ Қазақстанның жастар құрамасына шақырмағаннан кейін, ұлттық құрамаға қосылуға мүмкіндік аз екенін түсіндім", - деді хоккейші.

2024 жылы Бертан Түркия құрамасының сапында әлем чемпионатының екінші дивизионында дебют жасады. Бірақ команда бұл жарыста соңғы орын алды.

"Біздің құраманың нәтижесін ескерсек, мен әлем чемпионатындағы дебютімнен аралас әсер алдым. Бұл мен ұзақ күткен сәт болды. Түркия құрамасы – жақсы команда.

Қазақстан құрамасының элиталық дивизионындағы ойынын бақылап жүрдім. Кейбір ойыншылармен таныспын. Қазақстан құрамасы лайықты өнер көрсетті деп ойлаймын. Чемпионат жанкүйерлер қалағандай аяқталмады. Бірақ жігіттер элиталық дивизиондағы орнын сақтап қалды. Бұл –  жақсы", - деді Бертан.

Еске салайық, хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері ауысатын болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/hockey/2106477-22-zhastagy-qazaqstandyq-turkiia-hokkei-quramasynyng-oiynshysy-atandy/