jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстандық хоккейші шайбаны тісімен қағып алып, желі жұлдызына айналды (видео)

    Хоккейші Алексей Зюзин
    Хоккейші Алексей Зюзин. Скриншот: t.me/GolovoiObLed

    Теміртаулық "Қармет" жастар хоккей клубының 18 жастағы қақпашысы Алексей Зюзин шайбаны тісімен қағып алып, көпшілікті таңғалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Хоккейден Қазақстан жастар лигасының тұрақты чемпионаты аясында "Қармет" клубы "Ақтөбемен" ойнап, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Бұл ойында "Қармет" қақпашысы Алексей Зюзин ерекше сейв жасады. Ол қақпаға бағытталған шайбаны тісімен қағып алған. Осы сәттің видеосы Telegram-дағы "Головой об лед" арнасында жарияланды. Арна авторының жазуынша, бұл әрекетінен кейін ойыншы ешқандай жарақат алып қалмаған.

    Қазір хоккейден Қазақстан жастар лигасының турнир кестесінде "Қармет" 27 ұпаймен 7-орында, ал "Ақтөбе" 38 ұпаймен 2-орында тұр. Енді 4-5 желтоқсанда теміртаулық команда рудныйлық "Горнякпен" кездеседі. Сол күндері "Ақтөбе" елордалық "Астанаға" қарсы ойнайды.

    Еске салайық, астаналық "Барыс" хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында қатарынан бесінші жеңіліске ұшыраған еді. Команда сырт алаңда мәскеулік "ЦСКА" клубына 3:1 есебімен есе жіберді.

    Қазақстандық хоккейші шайбаны тісімен қағып алып, желі жұлдызына айналды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.