jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді

    Хоккейден Қазақстан құрамасы Универсиадада. Фото
    Хоккейден Қазақстан құрамасы Универсиадада. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

    Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы Италияда (Турин) өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Универсиада ойындарындағы екінші кездесуінде қарсыластарын ірі есеппен ойсырата жеңді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін А тобындағы команда Пинероло қаласында Оңтүстік Корея құрамасымен кездесті. Кездесу қазақстандықтардың пайдасына 7:1 есебімен аяқталды.

    Ойын барысында Александр Панченко (10-минут), Николай Шульга (12), Руслан Демин (19), Андрей Буяльский (36), Кирилл Никитин (39), Семен Симонов (52 ) және Денис Чапоров (57) қарсыластар қақпасына шайба салып, көзге түсті.

    Ұлттық құрама қақпасына шайбаны Оңтүстік Корея құрамасының ойыншысы Син Дон Хьюн (52) салды.

    Осылайша ұлттық құрама екі мачтан кейін максималды алты ұпай жинап, кестеде көш бастады. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы кездесуде отандық команда Швецияны жеңіп, көзге түскен болатын.

    Қаңтардың 15-інен 16-сына қараған түні Қазақстан құрамасы Канадамен ойнайды. Екі күннен кейін Чехиямен матч болады. Осы ойындар нәтижесінде топтағы ең мықты төрт команда плей-офф кезеңіне өтеді.

    Айта кету керек, бүгін ел қоржынына Универсиаданың алғашқы алтыны түсті. Фристайл-могулдан қазақстандық спортшы Анастасия Городко үздік нәтиже көрсетіп, чемпион атанды.

    Универсиада-2025: хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.