jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Азиада-2025: хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Жапонияға жол берді

    Шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы
    Шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы. Фото: Қазақстан хоккей федерациясы

    Шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер құрамасы Харбиндегі қысқы Азия ойындарының финалдық кезеңін сәтсіз бастады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спорт комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгінгі ойында ұлттық құрама Жапонияға жол берді. Есеп: 0-4.

    Матчтағы алғашқы шайбаны Жапония құрамасы салып, екінші кезеңде басымдығын арттыра түскен (0-2). Ал шешуші кезеңде қарсыластың шабуылға шыққанын пайдаланып, жапон хоккейшілері тағы екі рет мергендік танытқан.

    Енді ертең (сағат 11:00) А тобында Қазақстан мен жарыс қожайыны Қытай құрамасы кім мықтыны анықтайды.

    Ал 14 ақпанда (сағат 7:00) біздің спортшыларға Оңтүстік Корея ойыншылары қарсылас болады.

    Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін хоккейден еліміздің ерлер құрамасы ширек финалда Гонконгтан 24:0 есебімен басым түсіп, қысқы Азия ойындарының жартылай финалына шыққан еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.