jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Барыс" хоккей клубының жаңа бас директоры тағайындалды

    Сәкен Мұсайбеков
    Сәкен Мұсайбеков. Фото: "Барыс" хоккей клубының баспасөз қызметі

    "Барыс" хоккей клубының бас директоры болып Сәкен Мұсайбеков тағайындалды, деп хабарлайды клубтың ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры" корпоративтік қорының шешімімен "Барыстың" бас директоры қызметіне Сәкен Мұсайбеков тағайындалды", - делінген хабарламада.

    Сәкен Мұсайбеков спорт саласында басшылық қызметтерде еңбек еткен. Бұған дейін Сәкен Жүнісбекұлы Қазақстан хоккей федерациясы бас директорының қызметін атқарды.

    Айта кетейік, биыл сәуір айында Нұрлан Оразбаев "Барыстың" бас директоры қызметінен босатылған еді.

    Сондай-ақ мемлекет басшысы клубқа қатысты ата-аналардың шағымына назар аударып, жауапты органдарға тапсырма берген болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.