Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан түбегейлі кетті
Опубликовано:
Хабиб Нурмагомедов ММА индустриясынан толығымен кетті. Бұл ақпаратты спортшының өзі растады.
Хабиб Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында аралас жекпе-жек әлемінен кеткені туралы хабарламаға "репост" жасады.
"Хабиб ММА индустриясынан түбегейлі кетеді. Бұл бапкерлік мансапқа және ММА-ға қатысты барлық шараға қатысты. Хабиб Нурмагомедовтің отбасына көбірек уақыт бөлгісі келгені - бұның негізгі себебі", - делінген жазбада.
Еске сала кетейік, 2020 жылы Хабиб Нурмагомедов мансабын ресми түрде аяқтаған еді. Ал өткен жылдың қорытындысы бойынша ол ММА индустриясындағы үздік жаттықтырушылардың бірі болып танылды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2004593-xabib-nurmagomedov-mma-industriyasynan-tubegeili-ketti/