jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Арқалық Қуанған
    Арқалық Қуанған
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкаттың қарсыласы қазақстандық жанкүйерлер жайлы пікірін айтты (видео)

    Стивен Томпсон
    Стивен Томпсон. Фото: Amy Kaplan/Icon Sportswire via Getty Images

    17 желтоқсан Шавкат Рахмонов (17-0) америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жұдырықтасады. Стивен қазақстандық жанкүйерлер жайлы пікірін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC Eurasia Instagram парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов 17 желтоқсан Лас-Вегаста өтетін UFC 296 турнирінде Стивен Томпсонға қарсы жұжырықтасады. Америкалық файтер жекпе-жек алдында берген сұхбатында қазақстандық жанкүйерлердің оның Instagram-дағы ресми парақшасына "шабуыл" жасағанын айтты.

    "Мен әлеуметтік желідегі парақшама жаттығуым немесе Шавкатқа қарсы жекпе-жегім жайлы дүние салсам, қазақстандық жанкүйерлер 2000-ға жуық пікір қалдырады. Көбіне пікірге Қазақстанның туын салады".

    "Бұл Шавкат үшін тамаша қолдау деп ойлаймын. Осы жерде (АҚШ) ондай қолдау жоқ. Себебі біз көпұлтты мемлекетпіз. Бірақ Қазақстанда қазақ ұлты көп емес пе? Дұрыс айтып отырмын ба? Сол себепті осылай қолдаулары да түсінікті. Қазақстанда танымал жұлдыз екені де белгілі. Тек өзі үшін емес, Қазақстанның намысын қорғайтындықтан, Шавкат – өте қауіпті қарсылас. Оны UFC-дің келесі чемпионы дейді. Сондықтан мен оны жеңсем, титулға жұдырықтаса аламын", – деді Стивен.

    Шавкат Рахмонов 2024 жылы UFC промоушенінің чемпиондық белбеуін жеңіп алғысы келетінін айтқан еді.

    Шавкаттың қарсыласы қазақстандық жанкүйерлер жайлы пікірін айтты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.