Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяғы бірден ісіп кетті": Шавкаттың секунданты файтердің жарақаты туралы ашып айтты

Опубликовано:

Шавкат Рахмонов
Шавкат Рахмонов. Фото: Cooper Neill/Zuffa LLC via Getty Images

Шавкат Рахмоновтың секунданты Бауыржан Уталиев қазақстандық файтердің UFC-дегі соңғы жекпе-жегінің алдында алған жарақаты туралы айтып берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Вестник ММА" YouTube-каналына сілтеме жасап хабарлайды.

17 желтоқсанда Шавкат америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңген еді. Жекпе-жектің алдында Рахмонов оң аяғын жарақаттап алған екен. Уталиев жарақаттың қалай болғанын ашып айтты.

"Мен оған жаттығу алдында жүгіріп, дене қыздыруды ұсындым. Ал Шавкат бірден кроссфитпен айналысып кетті. Сол сәтте аяғын қайырып алды. Бірден тобығы ісіп, ауруханаға жеткізілді. Біз ақшалай көмек пен сақтандыру мәселесін шештік. Бірінші дәрігер аяқ сүйегі шытынағанын айтты. Біз шошып кеттік. Шавкат тіпті жүре алмайды. Бірақ Қазақстанда таныс дәрігерге рентген нәтижесін жіберіп, екінші дәрігерге бардық. Міне, олардың пікірлері сәйкес келді. Екі дәрігер де бұл бұрын алған жарақат болуы мүмкін екенін айтып, 3-4 күн әліптің артын бағыңдар деп кеңес берді", – деді Уталиев.

Осыған дейін Шавкат Рахмоновтың бапкері Генри Хофт қазақстандық файтердің UFC 296 турнирінің алдында алған жарақаты туралы айтқан еді.

"Шавкат осы уақыт ішінде жүріп кетпесе, жекпе-жектен бас тартамыз деп ойлап жүрдік. Тіпті ақсаңдап жүріп кететін болса да, бас тартамыз деп ойладық. Шавкаттың жағдайы жақсара бастады", – деді Шавкаттың секунданты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2051967-ayagy-birden-isip-ketti-savkattyn-sekundanty-faiterdin-zaraqaty-turaly-asyp-aitty/

pixel