Белал Мухаммад Рахмоновтың титулдық жекпе-жегі туралы: Шавкат күте тұрсын
Жарияланған күні:
Аралас жекпе-жек шебері Белал Мухаммад қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновпен болуы мүмкін жекпе-жегі туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Fight Space MMA Youtube-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Америкалық файтер Шавкаттың мықты қырларын атап, чемпиондық кездесуге шығуына әлі ерте екенін түртіп өтті. Өткен жекпе-жек Шавкатты басқа қырларынан танытқанын да айтты.
"Ол маған өзінің IQ-ы жоғары екенін көрсетті. Ол қарсыласымен жай төбелесе салмай, оны әбден зерттеп, осал тұстарына қарай әрекет етеді. Жекпе-жекке жоспармен шығады. Стратегияның не екенін біледі. "Вандербой" бірінші раундта өзін жақсы көрсетті, бірнеше тейкдаундардан қорғана білді, бірақ Шавкат өзінікінде тұрды. Бұл жекпе-жекте жоспар құрудың маңызды екенін аңғартады. Десе де, мен "Вандербойды" 2 жыл бұрын жеңгенмін. Сондықтан Шавкат менің алдыма шықпауы керек деп ойлаймын. Мен бәріне "Ол күте тұрсын. Маған Леонмен кездесу керек. Сосын Шавкат жеңгенімізбен жұдырықтассын" деп айтамын", – деді Мухаммад.
Айта кетейік, UFC орта салмақ дивизионы рейтингінде Белал Мухаммад Камару Усманнан кейін екінші орында. Ал Шавкат Стивен Томпсонмен болған жекпе-жектен соң 3-орынға көтерілген еді. Бұл көшті дивизион чемпионы Леон Эдвардс бастап тұр. Ол Колби Ковингтонмен кездесуден соң чемпиондықты дәлелдеп, Шавкат Рахмоновпен жұдырықтасуға дайын екенін айтқан болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2052677-savkat-kute-tursyn-belal-muxammad-raxmonovtyn-tituldyq-zekpe-zegi-turaly/