jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Көрейік, кім мықты екенін": Қуат Хамитов ресейлік файтер Грозинды жекпе-жекке шақырды

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Қазақстандық файтер Қуат Хамитов ресейлік Александр Грозинды жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Хамитовтың Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Грозин ММА-дың "Наше Дело" поп-лигасындағы соңғы жекпе-жегінде "Қазақ терминаторы" деген лақап атпен жұдырықтасатын Мұратбек Қасымбайды жеңген еді. Сондай-ақ ол бұған дейін ресейлік спортшы Магомед Кабардиевті де жеңген болатын.

    "Наше дело", маған Грозинның әрдайым біздің файтерлерді жеңіп кете беретіні ұнамайды. Сондықтан оған диваннан тұрып, менімен күш сынасу керек. Бұл жағдайды түзету керек. Александр Грозин, соңғы сөз өзіңде. Шақыртуды қабылда, көрейік, кім мықты екенін", - дейді Қуат Хамитов Instagram stories-те жариялаған видеода.

    Айта кетейік, Александр Грозин – Грозин Ашық ФК лигасының чемпионы, "Наше дело" лигасының Гран-при чемпионы, сонымен қатар AMC Fight Nights титулына үміткер болған.

    "Көрейік, кім мықты екенін": Қуат Хамитов ресейлік файтер Грозинды жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.