jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Дайындал": Грозин өзін жекпе-жекке шақырған Қуат Хамитовке жауап берді (видео)

    Александр Грозин
    Александр Грозин. Фото: instagram.com/grozin_alexandr

    Ресейлік спортшы Александр Грозин өзін жекпе-жекке шақырған қазақстандық файтер Қуат Хамитовке жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Грозиннің Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Наше дело 81" турнирінде қазақстандық жекпе-жек шебері Мұратбек Қасымбай (лақап аты – "Қазақ терминаторы") ресейлік файтер Александр Грозинмен кездескен еді. Бұл кездесуде төрешілер жеңісті ресейлікке берді.

    Осыдан кейін қазақстандық файтер Қуат Хамитов Грозинды жекпе-жекке шақырды.

    "Наше дело", маған Грозинның әрдайым біздің файтерлерді жеңіп кете беретіні ұнамайды. Сондықтан оған диваннан тұрып, менімен күш сынасу керек. Бұл жағдайды түзету керек. Александр Грозин, соңғы сөз өзіңде. Шақыртуды қабылда, көрейік, кім мықты екенін", - деді Қуат Хамитов Instagram stories-те жариялаған видеода.

    Грозин бұл шақыруды жауапсыз қалдырмады.

    "Наше дело", сәлем! Ана жақта бір шал маған үндеу тастап жатыр. Оның есімі Қуат Хамитов. Ол диваннан тұрып, менімен жекпе-жекке шыққысы келеді. Егер лига мен көрермендер қызығушылық танытса, мен оны дәл сол диванға қуана қайта жатқызамын. Сондықтан Қуат, дайындал, жақында кездесеміз", - деді ол Instagram stories-те жариялаған видеода.

    "Дайындал": Грозин өзін жекпе-жекке шақырған Қуат Хамитовке жауап берді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.