jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер Руслан Сариев Alash Pride лигасының чемпиондық белбеуіне таласады

    Руслан Сариев
    Руслан Сариев. Фото: instagram/sariyev125

    Alash Pride FC 93 турнирінде қазақстандық файтер Руслан Сариев аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпиондық белбеу үшін ресейлік Ильмямин Джаватовпен таласқа түседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Alash Pride промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Аталмыш жекпе-жек Шымкент қаласында 2024 жылдың 28 қаңтарында өтеді. Кездесуді Alash Pride TV Youtube арнасынан тікелей эфирден тамашалауға болады.

    Arlan MMA Pro Team командасының аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерінің рекорды 15 жеңіс, 2 жеңіліс. Кәсіби мәнсабын 2016 жылдың маусым айында NFC лигасында бастады. Сариев тағы бірнеше лигада өзін көрсете білді, бірақ жекпе-жектердің көпшілігі NFC-де жалғасты.

    Ал Ильмямин Джаватовтың рекорды 7 жеңіс, 5 жеңіліс. Кәсіби мәнсабын 2017 жылы бастаған. FNG, EFC, Gorilla Fighting Championships промоушендерінің турнирлерінде өнер көрсетіп, Гаджимурад Гасангусейнов, Бахман Шарафи,Расул Шамкхалов сияқты файтерлермен күш сынасқан.

    Қазақстандық файтер Руслан Сариев Alash Pride лигасының чемпиондық белбеуіне таласады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.