jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әдісі жылдың үздік сабмишені деп танылды

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов октагонда. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC Eurasia нұсқасы бойынша Шавкаттың Джефф Нилді қылқындырып жеңгені 2023 жылдың ең үздік сабмишені атанды. Ал Ислам Махачев "жылдың үздік файтері" атағына ие болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC Eurasia порталының Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    UFC Eurasia порталының Instagram-дағы ресми парақшасында 2023 жылға қорытынды жасады. Үздіктер көрермендердің дауыс беруі арқылы шешілді.

    "Біз 10 күн бойы мықтыларды анықтадық. Жеңімпаздардың есімін жариялайтын уақыт келді. Дауыс беруге қатысып, пікір жазып, отандастарыңызды қолдағандарыңызға рахмет! Жеңімпаздарды құттықтап, 2024 жылға сәттілік тілейміз", – деген жазба қалдырды UFC Eurasia.

    Дауыс беру қорытындысы бойынша 2023 жылдың үздік сабмишені – Шавкат Рахмоновтың америкалық файтер Джефф Нилға қарсы жекпе-жектегі әдісі.

    "Номад" атымен танылған 28 жастағы Рахмонов америкалық Джефф Нилді үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді.

    Ал Ислам Махачев "жылдың ең үздік файтері" атағына ие болды. Махачев 2023 жылы 12 ақпанда Александр Волконавскиді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңген еді.

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың әдісі жылдың үздік сабмишені деп танылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.