jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Ислам Махачев UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

    Ислам Махачев
    Ислам Махачев. Фото: Chris Unger/Getty Images

    Аралас жекпе-жек шебері Ислам Махачев америкалық файтер Джастин Гэтжимен 8 маусымда жұдырықтасқысы келетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ислам Махачевтің Twitter-дегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Ресейлік файтер UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі чемпиондық белбеу иегері. Ең үздік файтерлердің рейтингінде көш бастап тұр. Ал Гэтжи жеңіл салмақ дәрежесіндегі спортшылардың рейтингінде бразилиялық Чарльз Оливейрадан кейін екінші орында. Ислам Тwitter-дегі ресми парақшасында бірнеше файтерге үндеу жасады.

    "8 маусым Гэтжи, ал қараша айында "Мэдисон Сквер Гарденде" Оливейра немесе Царукянға қарсы жұдырықтасамын", – деп Махачев.

    Айта кетейік, 13 сәуірде өтетін UFC 300 турнирінде бразилиялық файтер Чарльз Оливейра мен ресейлік Арман Царукян жұдырықтасады.

    Ислам Махачев UFC промоушенінің жеңіл салмақ дәрежесіндегі файтерлерді жекпе-жекке шақырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.