jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    "Қашып жүрмесең болды": Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бұрынғы қарсыласымен тағы жұдырықтаспақ

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалгас Жұмағұлов. Фото: Gettty Images/Jeff Bottari / Contributor

    Қазақстандық Naiza лигасы Жалғас Жұмағұлов пен бразилиялық файтер Раулиан Пайваның арасындағы жекпе-жектің анонсын жариялады. Файтерлер ауызша келісім берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Instagram-дағы посттың астына бразилиялық спортшы осылай жауап берді:

    "Кеттік, бұл жекпе-жек болады, мен сенімен 61 келіде реванш жасаймын", – деді Раулиан.

    Ал Жұмағұлов өз кезегінде былай жауап берді:

    "Сен үшін ғана 61 келіге көтерілемін. Сен үшін ғана. Маған салмақ жинау керек, бастысы сен салмақ жинап, жекпе-жектен қашып жүрмесең болды".

    Жалғас UFC промоушенінде 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Пайваға қарсы дебют жасаған еді. Төрешілердің шешімімен Раулин жеңіске жеткен еді.

    Кейін Жұмағұловпен бір клубта жаттығатын Сергей Морозов Раулиан Пайваны төрешілердің шешімімен жеңді.

    "Қашып жүрмесең болды": Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі бұрынғы қарсыласымен тағы жұдырықтаспақ

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.