jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері АСА промоушенімен келісімшарт жасасты

    Бағдос Олжабай
    Бағдос Олжабай. Фото: instagram.com/bagdos_olzhabai

    Орта жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Бағдос Олжабай ресейлік АСА промоушенімен келісімшарт жасасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ACA промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    27 жастағы файтер соңғы кездесуін 2023 жылдың қыркүйегінде Alash Pride 89 турнирінде бразилиялық Дилено Лопеске қарсы өткізген. Бағдос Олжабай төрешілердің біржақты шешімімен жеңіске жетті. Оның есебінде 15 жеңіс, 4 жеңіліс бар.

    ACA промоушенінде бірқатар қазақстандық спортшылар өнер көрсетеді. Олар Михаил Дорошенко, Дәуітбек Қаршыға, Евгений Егембердиев, Арман Оспанов және тағы басқалары.

    Айта кетейік, АСА – 2009 жылы құрылған ресейлік промоутерлік компания. Жекпе-жектері үш раундтан тұрса, чемпиондық атаққа талас бес раундқа дейін созылады.

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері АСА промоушенімен келісімшарт жасасты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.