Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жалғас Жұмағұловтың келесі қарсыласы және октагонға қашан шығатыны белгілі болды

Опубликовано:

Жалғас Жұмағұлов
Жалғас Жұмағұлов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов Naiza 57 турнирінде америкалық спортшы Кливленд Маклинмен кездеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Naiza промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш жекпе-жек кардтың басты кездесуі болады деп жоспарланып отыр. Турнир 24 ақпанда "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.

35 жастағы Жалғас Жұмағұловтың рекорды 15 жеңіс, 9 жеңіліс. Спортшы бірнеше жыл UFC промоушенінде өнер көрсеткен. Кейін ол жақтан кетіп, өткен жылдың желтоқсанында Naiza промоушенінде дебют жасап, қарсыласын нокаутпен жеңді.

34 жасар Маклиннің есебінде 17 жеңіс, 11 жеңіліс бар. Ол соңғы жекпе-жектерінде қатарынан 2 рет жеңіліс тапты.

Naiza 57 турнирінің негізгі кардында жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қытайлық спортшы Тайлақ Нұражы мен бразилиялық файтер Дуглас де Оливейра кездеседі. Негізгі кардтағы жекпе-жектер қатарында тағы қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Жұман Жұмабеков пен қырғызстандық файтер Қанат Келдібековтің кездесуі бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2056330-zalgas-zumagulovtyn-kelesi-qarsylasy-zane-oktagonga-qasan-sygatyny-belgili-boldy/

pixel