jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ДҒ
    Динара Ғалым
    Бұрынғы қызметкер

    Мовсар Евлоев және Шон Стриклэнд: UFC-дің 2024 жылдағы алғашқы турнирінде кім жұдырықтасады

    Шон Стриклэнд пен Дрикус дю Плесси (солдан оңға қарай)
    Шон Стриклэнд пен Дрикус дю Плесси (солдан оңға қарай). Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Америкалық аралас жекпе-жек шебері Шон Стриклэнд UFC 297 турнирінде Оңтүстік африкалық файтер Дрикус дю Плессимен кездеседі. Спортшылар жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC промоушенінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын аралас жекпе-жек шеберлері 20 қаңтарда Торонтодағы (Канада) Scotiobank Arena-да өтетін кездесуде күш сынасады. Жекпе-жек кардтың басты кездесуі болғалы отыр. Спортшылар жекпе-жек алдындағы көз түйістіру рәсімін өткізді.

    32 жастағы Стриклэнд өткен жылдың қыркүйек айында Исраэль Адесаньені жеңіп, UFC чемпионы атағын жеңіп алды. Шон Дю Плессимен жұдырықтасып, алғаш рет чемпиондық атағын қорғағалы отыр. UFC промоушенінде 2013 жылдан бері өнер көрсететін спортшының рекорды 28 жеңіс, 5 жеңіліс. UFC-дің жалпы рейтингінде 8-орында.

    30 жасар Дю Плесси орта салмақ дәрежесіндегі UFC рейтингінде Адесаньеден кейін 2-орында. Оңтүстік африкалық файтер аталмыш промоушендегі барлық жекпе-жегінде жеңіске жетті. Ал соңғы кездесуінде бұрынғы чемпион Роберт Уиттакерді нокаутқа түсірді. Дрикус UFC-ге дейін Оңтүстік африкалық EFC, польшалық KSW промоушендерінде өнер көрсетіп, чемпиондық титулдарға қол жеткізген. Оның есебінде 20 жеңіс, 2 жеңіліс бар.

    Ал қазақстандық ММА-менеджер Саят Абдрахмановтың файтері Мовсар Евлоев (17-0) аталмыш турнирде өз салмағының рейтингінде 4-орында тұрған спортшы Арнольд Алленмен жұдырықтасады.

    Мовсар Евлоев және Шон Стриклэнд: UFC-дің 2024 жылдағы алғашқы турнирінде кім жұдырықтасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.