jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Азат Мақсұм UFC-дің ақшалай бонусына ие болды

    Азат Мақсұм октагонда
    Азат Мақсұм октагонда. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Азат Мақсұм UFC-дің ақшалай бонусын алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC промоушенінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Азат Мақсұм мен АҚШ өкілі Чарльз Джонсонның UFC Vegas 85 турниріндегі кездесуі кардтың үздік жекпе-жегі деп танылды. Сондықтан екі файтерге де 50 000 доллар көлемінде ақшалай бонус беріледі. Дәл осындай бонусты үздік өнер көрсеткені үшін Молли Маккэнн мен Рэнди Браун да алады.

    Еске салайық, Азат Мақсұм кәсіби мансабында алғаш рет жеңіліс тапты.

    Ол Чарльз Джонсоннан төрешілердің шешімімен ұтылып қалған еді (29-28, 29-28, 29-28). Бұл – қазақстандық файтердің UFC-дегі екінші жекпе-жегі. Азат 2023 жылы шілде айында UFC-дегі дебютінде АҚШ өкілі Тайсон Нэмді (21-14-1) ұтты.

    Енді Азаттың активінде 17 жеңіс, 1 жеңіліс бар. Ал Чарльз Джонсонның статистикасы 14-6 болды.

    Азат Мақсұм UFC-дің ақшалай бонусына ие болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.