Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаттығуға автобуспен барамын": UFC-мен келісімшарт жасасқан файтер жекпе-жек алдындағы дайындығын айтты

Опубликовано:

Бекзат Алмахан
Бекзат Алмахан. Фото: youtube.com/@OCTAGONTV

UFC промоушенімен келісімшарт жасасқан қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан жаттығулары жайлы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Octagon лигасының Youtube желісіндегі ресми арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Күн сайын жаттығуға автобуспен барып келемін. Ұялатын нәрсе емес ол. Жоқтықтан ұялмаңдар дейді ғой. Кейде автобуспен, кейде таксимен жүре беремін. Бірінші алдағы жекпе-жекте жеңіп алайын, кейін көлік алуды ойластыра жатармын", – деді Бекзат Алмахан.

Ол UFC-дегі алғашқы қарсыласы Умар Нурмагомедовпен жекпе-жекке шығуға ойланбастан келісім бергенін айтты.

"Дайынбыз. Дайын болғаннан кейін бұл кездесуге келістік. Барымызды саламыз Алла қаласа. Бұрын UFC-ден ұсыныс келіп жатса кез келгенімен шығуға дайынмын деп айтатынмын. Дәл сол ойлағанымдай болды. Умар – жақсы қарсылас, топ файтерлердің бірі. Біраз жекпе-жекшілер одан қорқып, қашып кетіп жатыр. Ол – әмбебап файтер. Мен де әмбебаппын деп айта аламын", – деді қазақстандық файтер.

Бекзат Алмахан сондай-ақ жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын сөз етті.

"Толықтай лагерьден өтуге үлгермеймін, бар дайындығыммен кетемін. Уақыт аз. Екі аптадай осы жақта, қалған екі апта АҚШ-та боламын. Әрі қарай төбелесемін", – деді Бекзат.

Еске салайық, Бекзат Алмахан жақында UFC промоушенімен келісімшарт жасасты. Кейін оның алғашқы қарсыласы белгілі болған еді. Қазақстандық файтер UFС-дегі дебютін 3 наурызда Умар Нурмагомедовке қарсы өткізеді. Умар Нурмагомедов осы уақытқа дейін 16 жекпе-жек өткізіп, бірде-бір рет жеңілмеген. Ал Бекзат Алмаханның активінде 17 жеңіс, 1 жеңіліс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2060439-zattyguga-avtobuspen-baramyn-ufc-men-kelisimsart-zasasqan-qazaqstandyq-faiter-zeke-omiri-zaily-aitty/

pixel