Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асу Алмабаев: UFC-дегі келесі жекпе-жегіме "Жұмыр қылыш" күйімен шығамын

Опубликовано:

Асу Алмабаев
Асу Алмабаев. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

Аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC промоушеніндегі келесі жекпе-жегі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Beren live Youtube арнасы сілтеме жасап хабарлайды.

Асу Алмабаев 9 наурызда Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өтетін UFC 299 турнирі аясында жекпе-жек өткізеді. Оның қарсыласы – америкалық файтер Си Джей Вергара. Асу бұл кездесуге күймен шығатынын айтты.

"Шапан киіп шыға алмаймын, өйткені UFC-дің арнайы формасы бар. UFC алаңында тек сол формамен жүру керек. Бұл келісімшартта жазылған. Ал әркім өз ұлтының бас киімін киіп шыға алады. Әуенге келер болсақ, мен "Ұлытау" тобының "Жұмыр қылыш" деген күйімен шығамын", – деді қазақстандық файтер.

Асу Алмабаев өткен жылы тамыз айында АҚШ-та өткен UFC Fight Night турнирінде америкалық файтер Оди Осборнды (12-6) қылқындыру әдісімен ұтты. Бұл оның UFС-дегі дебюті болды. 30 жастағы қазақстандық файтер барлығы 20 кездесу өткізген. 18 мәрте жеңсе, 2 рет жеңіліске ұшыраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2060546-asu-almabaev-ufc-degi-kelesi-zekpe-zegime-zumyr-qylys-kuiimen-sygamyn/

pixel