jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Хабиб Нурмагомедовтің әкесінен мақтау алған қазақстандық файтер мансабын қашан аяқтайтынын айтты

    Жасұлан Әкімжан мен Хабиб Нурмагомедов
    Жасұлан Әкімжан мен Хабиб Нурмагомедов. Фото: instagram.com/eaglefcmma

    Қазақстандық файтер Жасұлан Әкімжан мансабын қашан аяқтайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Қиындық туған кезде мансабымды аяқтау туралы ой келеді. 2024 жылға мақсат қойдым. Егер жақсы нәтижеге жетпесем, мансабымды аяқтаймын. Бірақ бұлай істегім келмейді, сондықтан қалағаныма қол жеткізу үшін барымды саламын", – деді Жасұлан Әкімжан.

    Еске салайық, Жасұлан Әкімжан қазақстандық файтерлермен жекпе-жекке неге шыққысы келмейтінін айтқан еді.

    Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедовтің марқұм әкесі Абдулманап Нурмагомедов Жасұлан Әкімжанның жекпе-жектерінің бірінде комментатор болған кезде оны "қазақстандық MMA-ның жаңа батыры" деп атаған еді.

    Жасұлан Әкімжан соңғы кездесуін 2023 жылы желтоқсанда Naiza 55 турнирінде Франция өкілі Джейсон Понеге қарсы өткізді. Кездесу үш раундқа жоспарланған еді. Бұл бәсекеде төрешілердің шешімімен франциялық файтер жеңіске жетті. Осылайша Жасұлан Әкімжан кәсіби мансабында үшінші рет жеңіліс тапса, Джейсон Поне жиырма төртінші жеңісіне қол жеткізген болатын.

    Хабиб Нурмагомедовтің әкесінен мақтау алған қазақстандық файтер мансабын қашан аяқтайтынын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.