jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Мүмкіндігі жоқ": Жалғас Жұмағұлов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті жайлы пікірін айтты

    Жалғас Жұмағұлов
    Жалғас Жұмағұлов. Фото: instagram.com/zhumagulov_zhalgas

    Жалғас Жұмағұлов қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан мен ресейлік файтер Умар Нурмагомедов арасында өтетін кездесуге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport Plus Qazaqstan телеарнасының Youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бекзат Алмахан мен Умар Нурмагомедов 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өтетін UFC Fight Night 238 турнирінде кездеседі. Бұл жекпе-жек Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті болмақ.

    "Иә, Бекзат – өте мықты, әмбебап файтер. Бірақ бұл жекпе-жекте тек лаки панчқа (қарсыласын жеңуге себеп болатын тосын соққы) үміт артуға болады. Дегенмен ешқандай мүмкіндік көріп тұрған жоқпын. Умар – ол мүлде басқа деңгейдегі спортшы. Оның соққылары, күресі басқа. Мен Умарды өмірде көрдім. Ол – өте үлкен. Сондықтан мұндай қарсыласпен айқасу қиын болады деп ойлаймын. Десе де, әрине, Бекзат үшін мұндай қарсыласпен жекпе-жекке шығу үлкен мотивация болмақ", – деді Жалғас Жұмағұлов.

    Еске салайық, Жалғас Жұмағұлов Алматыда өткен Naiza 57 турнирінің басты жекпе-жегінде АҚШ өкілі Кливленд Маклинмен кездесті. Қазақстандық файтер жекпе-жек барысында аяғын сындырып алғанына қарамастан белгіленген уақыт аяқталғанша өнер көрсетіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жеткен еді.

    "Мүмкіндігі жоқ": Жалғас Жұмағұлов қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті жайлы пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.