jitsu gif
Спорт

    Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюті алдында салмақ қуу процессінен өтіп жатыр

    Бекзат Алмахан
    Бекзат Алмахан. Фото: instagram/bekzatalmahan

    Қазақстандық файтер Бекзат Алмахан UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі алдында салмақ қуу процессінен өтіп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Қаңтар айында UFС-мен келісімшарт жасасқан Бекзат Алмахан 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Fight Night 238 турнирінде алғашқы жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы – ресейлік аралас жекпе-жек шебері Умар Нурмагомедов. Қазір Бекзат Алмахан салмақ қуу процессінен өтіп жатыр. Бұл процессті спортшы Ержан Естанов Instagram парақшасындағы Stories-ке жариялады.

    Бекзат Алмахан салмақ қуу процессінде
    Бекзат Алмахан салмақ қуу процессінде. Скриншот: instagram.com/stories/estanoverzhan

    Еске салайық, осыған дейін Бекзат Алмаханның менеджері Нұраддин Садықов мәлімдеме жасаған еді.

    "Біз таяқ жеуге келген жоқпыз. Иә, бүкіл жағдай бізге қарсы болса да, не үшін келгенімізді анық білеміз. Сол себепті бізді қолдап, шын көңілден осы күндері дұға қылып қойсаңыздар! Қалған қолдан келгенін Бекзат өзі-ақ жасайды!", – деп жазды Садықов.

    Сондай-ақ белгілі қазақстандық файтер Бекзат Алмаханның UFC-дегі дебюті жайлы пікірін айтты.

    Бекзат Алмахан UFC-дегі дебюті алдында салмақ қуу процессінен өтіп жатыр

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.