jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шақырған UFC-дің жаңа жұлдызына жауап берді

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Sean M. Haffey/Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі үздік файтерлердің бірі Джек Делла Маддаленаның үндеуіне жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Джек Делла Маддалена Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде бразилиялық файтер Гилберт Бернсті нокаутпен жеңген еді. Осы жеңісінен кейін Маддалена октагонда тұрып Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды.

    "Бұл дивизионда мықтылар көп, бірақ мен бәрінен мықтымын. Шавкат Рахмонов, сен үздіктердің бірісің. Екеуіміз жекпе-жек өткізе аламыз. Кеттік", – деді ол.

    Шавкат Рахмонов бұл шақыруға X желісіндегі ресми парақшасында жауап берді.

    "Мен сенің батылдығың мен сенімділігіңді құрметтеймін, Джек. Бірақ сені менің осы уақытқа дейінгі қарсыластарым бастан кешкен тағдыр күтіп тұр", – деп жазды Рахмонов.

    Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтқан еді.

    Шавкат Рахмонов жекпе-жекке шақырған UFC-дің жаңа жұлдызына жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.