Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шавкат Рахмоновтың қарындасы UFC-ден ұсыныс келіп түскенін айтты

Опубликовано:

Сора Рахмонова
Сора Рахмонова. Фото: instagram.com/rakhmonova____/

Аралас жекпе-жек (ММА) бойынша қазақстандық спортшы Сора Рахмонова Ultimate Fighting Championship (UFC) оған келісімшарт ұсынып жатқанын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың қарындасы қоян-қолтық күрестен үш мәрте әлем чемпионы атанды. Кәсіпқой ММА-да ол төрт жеңіске жетіп, бір рет жеңіліс тапты.

"Қыркүйекте Dana White Contender турниріне қатысуым керек еді, бірақ жарақатыма байланысты жекпе-жектен бас тартуға тура келді. Дегенмен UFC келісімшарт ұсынып жатыр, құдай қаласа, сонда жекпе-жек өткіземін. Бірақ қазір мен үшін өмірімдегі ең маңызды нәрсе – бұл отбасы", – деді Рахмонова.

25 жастағы спортшы соңғы рет былтыр мамырда ресми жекпе-жек өткізген болатын. Кейін ол Naiza FC турнирінде Валерия Карыгинаны нокаутқа түсірді. Ал қарашаның соңында Рахмонова тұрмысқа шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2065287-savkat-raxmonovtyn-qaryndasy-ufc-den-usynys-kelip-tuskenin-aitty/

pixel