jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Бекзат Алмахан аяғына ота жасатты

    Бекзат Алмахан
    Бекзат Алмахан. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмахан аяғына ота жасатты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бекзат Алмахан ота жасатқаны туралы Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

    "Ассалаумағалейкум баршаңызға! Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Операциямыз сәтті өтті. Ендігі жұмыс қалпына келу процесі", – деп жазды қазақстандық файтер.

    Бекзат Алмахан 3 наурызда UFC промоушеніндегі алғашқы жекпе-жегін өткізген еді. Оның қарсыласы ресейлік файтер Умар Нурмагомедов болды. Үш раундқа созылған жекпе-жекте Нурмагомедов төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Sport Plus Qazaqstan телеарнасының жазуынша, Бекзат Алмахан екінші раундта тізесін жарақаттап алған. Бірақ қазақстандық файтер үш раунд аяқталғанша шыдап, кейін ауруханаға жеткізілген.

    Еске салайық, Бекзат Алмахан елге оралғаннан кейін оған ауылдастары ат мінгізген еді.

    Бекзат Алмахан аяғына ота жасатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.