jitsu gif
Спорт

    Бекзат Алмаханға ауылдастары ат мінгізді (видео)

    Бекзат Алмахан ат үстінде
    Бекзат Алмахан ат үстінде. Фото: instagram.com/bekzatalmahan

    UFC-де өнер көрсететін қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Бекзат Алмаханға ауылдастары ат мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бекзат Алмаханның Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Ассалаумағалейкум Қазақ елі! Қолдауларыңызға рахмет! Ауылдастарыма мені сыйлап ат мінгізіп жатқандарыңызға мың алғыс! Қазіргі таңда жарақатыма байланысты жаттығуда емеспін. Көк туымызды көкте көтеру үшін аянбай еңбек етеміз. Бәрі енді басталып жатыр", – деп жазды қазақстандық файтер Instagram желісіндегі парақшасында.

    Еске салайық, Бекзат Алмахан қаңтар айында UFC-мен келісімшартқа отырған еді. Кейін оның промоушендегі алғашқы қарсыласы Хабиб Нурмагомедовтің туысқаны Умар Нурмагомедов болатыны анықталды.

    Бекзат пен Умар 3 наурызда Лас-Вегаста (АҚШ) өткен UFC Fight Night 238 турнирінде жекпе-жекке шықты. Үш раундқа созылған бәсекеде Умар Нурмагомедов төрешілердің шешімімен басым түсіп, мансабындағы он жетінші, UFC-дегі бесінші жеңісіне қол жеткізген еді. Ал Бекзат Алмахан мансабында екінші рет жеңіліске ұшырады.

    Бекзат Алмаханға ауылдастары ат мінгізді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.