jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Жеңілсем де, еліме көп ақша алып келдім": Қуат Хамитов сынағандарға жауап қатты

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов. Фото: instagram.com/kuat__khamitov

    Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов жеңілісі үшін сын айтып жатқандарға жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ prosports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен жеңілсем де, өзге елден үйіме көп ақша алып келдім. Енді көпбалалы аналарға, жетімдерге, науқастар мен су тасқынынан зардап шеккендерге көмектесе аламын. Мен жай ғана алаңда арлы-берлі жүгіру үшін халықтың соңғы дүниесін алмаймын, керісінше беремін! Сондықтан хейтерлердің пікіріне түкіргенім бар", - деді Қуат Хамитов.

    Еске салайық, Қуат Хамитов 11 мамырда RCC 19 турнирінде ресейлік файтер Александр Шлеменкоға қарсы жекпе-жек өткізген еді. Кездесу орта салмақ дәрежесінде (83,9 кг) өтті және үш раундқа созылды. Бұл бәсекеде Шлеменко төрешілердің шешімімен жеңіске жетті (30-26, 30-26, 30-27). Кейін Хамитов 84 кг салмақта жұдырықтасу қиын болғанын айтты.

    "Жеңілсем де, еліме көп ақша алып келдім": Қуат Хамитов сынағандарға жауап қатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.