jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    "Джек Делла Маддалена жарақат алып қалды, Усман мен Колби жекпе-жекке шыққысы келмейді. Сол себепті Леон мен Белал арасындағы кездесуде жеңгенімен жұдырықтасуға дайынмын", - деп жазды Рахмонов X желісіндегі парақшасында.

    Айта кетейік, 27 шілдеде UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазіргі чемпионы британиялық Леон Эдвардс америкалық файтер Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу Манчестердегі (Англия) UFC 304 турнирінде өтеді.

    Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда Лас-Вегас (АҚШ) қаласында өткізіп, америкалық файтер Стивен Томпсонды екінші раундта мерзімінен бұрын жеңген болатын. Осылайша, MMA спортындағы 18-жеңісіне қол жеткізді. Қазір қазақстандық файтер жартылай орта салмақтағы UFC рейтингінде үшінші орында тұр.

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі келесі қарсыласын таңдады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.