Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер UFC өкіліне үндеу жасады

Опубликовано:

Әліби Ыдырыс
Әліби Ыдырыс. Фото: instagram.com/alibi_idiris

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Әліби Ыдырыс UFC промоушенінің матчмейкері Мик Мейнардқа үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Әліби Ыдырыс Paradigm Sports промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған еді. Бұл компанияның ең танымал файтерлерінің бірі – UFC-дің екі салмақ дәрежесіндегі экс-чемпионы ирландиялық Конор Макгрегор.

"Эй, Мик, менің салмағымдағы дивизионға жаңа адамдар керек. Мен кез келген уақытта, кез келген жерде дайынмын. Сендерге Орталық Азиядан жанкүйердің үлкен базасын апара аламын. Америкалық жанкүйерлерге менің жекпе-жегім ұнайтынына сенімдімін. Маған қалай хабарласу керек екенін білесің", - деп жазды Әліби Instagram желісіндегі парақшасында.

Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Сантоса де Азеведоны нокаутпен жеңген еді. Қазір Әлібидің MMA-дағы рекорды – 10-0.

Еске салайық, Әліби Ыдырыс Paradigm Sports компаниясымен келісімшарты туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2115366-zhengilip-kormegen-qazaqstandyq-faiter-ufc-ge-undeu-zhasady/