jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкатқа жаңа қарсылас табылды ма: UFC-дің бұрынғы чемпионы үндеу жасады

    Камару Усман
    Камару Усман. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман жақын арада октагонға оралатынын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Нигериялық файтер Камару Усман Х желісіндегі ресми парақшасында жаттығып жатқан суреттерін жариялады.

    "Тыныштық бұзушы! Мен жақында келемін", - деп жазды Камару Усман.

    Бұған дейін Саят Абдрахманов UFC 310 турнирінде Белал Мухаммадтің орнына Камару Усманның шығу мүмкін екенін айтқан болатын.

    Ал Шавкат Рахмонов қазіргі уақытта басқа да лайықты қарсыластардың бар екенін айтып, уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекке шығуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ ол өз мәлімдемесін Камару Усманға да қаратып айтқан.

    Айта кетейік, қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов UFC-дің жартылай орта салмақтағы чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде кездесу өткізбекші болған. Алайда Белал Мухаммад аяғына инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартты.

    Шавкатқа жаңа қарсылас табылды ма: UFC-дің бұрынғы чемпионы үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.