jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    UFC турнирі Қазақстанда қашан өтеді: ресейлік маман пікір білдірді

    UFC октагоны
    UFC октагоны. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC via Getty Images

    AMC Fight Nights ұйымының президенті Камил Гаджиев қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жетістігін жоғары бағалап, аталмыш ұйымның кештері Қазақстанда қашан өтетіні жөнінде пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Камил Гаджиевтің айтуынша, егер Шавкат Рахмонов чемпиондық белбеуді жеңіп алса, онда Қазақстанда UFC турнирін өткізу мүмкіндігі айтарлықтай артады. Бұл туралы Камил Гаджиев YouTube желісіндегі ресми арнасында айтты.

    "Шавкаттың Қазақстанда осындай ұлттық қаһарман мәртебесіне ие болып жатқанына ерекше қуаныштымын. Бұл MMA-дегі спортшыларымыздың биік белестерді бағындырып жатқанын көрсетеді. Қазір ел арасында Шавкаттың есімін Геннадий Головкинмен қатар айтады. Егер Шавкат UFC-дің чемпиондық атағын жеңіп алса, елде нағыз тарихи оқиға болатыны сөзсіз. Тіпті қашан чемпиондық атақты елге алып келетінін де күтіп жүрміз. Сол кезде UFC турнирі Қазақстанда өтуі мүмкін", - деді Камил Гаджиев.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста Белал Мухаммадқа қарсы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізу керек болатын. Алайда отандасымыздың қарсыласы инфекция жұқтырып алуына байланысты жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

    Сондай-ақ UFC-дің жартылай орта салмақтағы бұрынғы чемпионы Камару Усман қазақстандық Шавкат Рахмоновқа қарсы UFC 310 турнирінде жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді.

    Америкалық файтер Колби Ковингтон да Шавкат Рахмоновты жекпе-жекке шақырды.

    Сонымен бірге қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмоновтың желтоқсанда кездесуі мүмкін қарсыластар топтамасын жасаған болатынбыз.

    UFC турнирі Қазақстанда қашан өтеді: ресейлік маман пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.