jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Біреу жекпе-жекке келісті": Шавкат Рахмоновтың командасы жақсы жаңалықты хабарлады

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов
    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов. Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда өтетін UFC 310 турнирінде жекпе-жекке шығатын болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Dar Team командасының Instagram-дағы парақшасында Шавкат Рахмоновтың келесі жекпе-жегіне қатысты ақпарат жарияланды.

    "Сонымен бізде жақсы жаңалық бар, жақсы біреу жекпе-жекке келісті. UFC 310 күшінде", - делінген жазбада.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Еске салайық, UFC-дің бұрынғы уақытша чемпионы Колби Ковингтон Шавкат Рахмоновқа тағы да сын айтып, оны жекпе-жекке шақырған еді.

    "Біреу жекпе-жекке келісті": Шавкат Рахмоновтың командасы жақсы жаңалықты хабарлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.