jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Ресми: Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    UFC промоушені қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың (18-0) кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ UFC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен (15-0) жекпе-жекке шығады. Бұл кездесу Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирі аясында өтеді және әлі жеңіліп көрмеген қос файтер бес раунд күш сынасады.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ Белал Мухаммад инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Қазақстандық файтер соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Осыған дейін Иэн Гэрри Instagram желісіндегі ресми парақшасында Шавкат Рахмоновты келемеждеп, жазба жариялаған еді.

    Ресми: Шавкат Рахмоновтың келесі қарсыласы анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.