jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында маңызды мәлімдеме жасады

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов (18-0) ирландиялық файтер Иэн Гэрримен (15-0) UFC 310 турнирінде өтетін жекпе-жегі алдында мәлімдеме жасады. бұл туралы KAZ.NUR.KZ қазақстандық спортшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Шавкат келесі жеңіске бет алды", - деп жазып, жаттығу барысынан бірнеше суретін жариялады.

    Сондай-ақ DAR PRO TEAM командасының Instagram желісіндегі ресми парақшасында қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов пен Иэн Мачадо Гэрридің бір жаттығу залында дайындалып жатқан видеосы жарияланған болатын.

    Айта кетейік, қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов 7 желтоқсанда Лас-Вегаста UFC 310 турнирінде ирландиялық файтер Иэн Мачадо Гэрримен жекпе-жек өткізеді.

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гарри жекпе-жегінің жеңімпазы UFC чемпионы Белал Мухаммадтың келесі қарсыласы болады.

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Шавкат MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Ал 27 жастағы Иэн Гэрри өз мансабында 19 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ол соңғы рет 29 маусымда Майкл Пейджді төрешілердің бірыңғай шешімімен жеңді.

    Шавкат Рахмонов UFC-дегі жекпе-жегі алдында маңызды мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.