jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри
    Ирландиялық файтер Иэн Гэрри. Фото: instagram.com/iangarry

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі кезекті қарсыласы ирландиялық Иэн Гэрри алдағы жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Иэн Гэрри Instagram-дағы парақшасына жаттығу барысынан видео жариялады. Ол таиландтық бапкер Наттават Йохфроммамен спарринг өткізген.

    Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ америкалық файтер инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Белал Мухаммад Шавкат Рахмонов – Иэн Гэрри жекпе-жегінде кім жеңеді деп ойлайтынын айтқан еді. Сондай-ақ ММА сарапшысы Кенни Окойе де бұл кездесуге болжам жасады.

    Иэн Гэрри Шавкат Рахмоновпен жекпе-жекке қалай дайындалып жатқанын көрсетті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.