jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гэрри жекпе-жегінде кім жеңеді: Белал Мухаммад пікірін айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Жартылай орта салмақтағы UFC чемпионы америкалық Белал Мухаммад (24-3) Шавкат Рахмонов (18-0) пен ирландиялық Иэн Гэрри (15-0) арасындағы жекпе-жекте кім жеңеді деп ойлайтынын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Рахмонов пен Гэрри 8 желтоқсанда таңертең Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде күш сынасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған.

    Белал Мухаммадтың X желісіндегі оқырмандарының бірі спортшыдан аталған бәсекеде кім басым түсетіні туралы пікірін сұрады. "Меніңше, Иэн жеңеді", - деп жауап берді Белал.

    Айта кетейік, Шавкат Рахмонов бастапқыда UFC 310 турнирінде Белал Мухаммадпен титулдық жекпе-жекке шығуы керек еді. Бірақ америкалық файтер инфекция жұқтырып алып, кездесу өтпейтін болды.

    Ал 16 қарашада Шавкат Рахмонов алдағы турнирде ирландиялық Иэн Гэрримен жұдырықтасатыны ресми түрде жарияланды. Кейін қазақстандық файтер Instagram-дағы парақшасында маңызды мәлімдеме жасады.

    Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2023 жылы желтоқсанда өткізіп, америкалық спортшы Стивен Томпсонды екінші раундта ұтқан болатын. Қазақстандық файтер MMA-да 18 рет, UFC-де 6 рет жеңіске жеткен.

    Шавкат Рахмонов – Иэн Гэрри жекпе-жегінде кім жеңеді: Белал Мухаммад пікірін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.