jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Ол нағыз "киллер": әйгілі италиялық балуан Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Шавкат Рахмонов
    Шавкат Рахмонов. Фото: Jeff Bottari/Zuffa LLC via Getty Images

    Еркін күрестен екі дүркін әлем чемпионы және Рио Олимпиадасының қола жүлдегері италиялық балуан Франк Чамизо қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportnews.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Мен оның жекпе-жектерін көрдім. Ол нағыз "киллер". Маған оның стилі ұнайды. Шавкат қарсыласымен ойнамайды, оны құртуға тырысады. Рахмонов дивизионның келесі чемпионы болады деп ойлаймын. Шавкаттың келесі қарсыласының қабілеттерін онша білмеймін, бірақ қазақстандық жауынгер жеңілмейтін болып көрінеді. Дәл қазір оны тоқтатуға ешкім дайын емес", - деді Чамизо.

    Айта кетейік, Франк Чамизо еркін және грек-рим күресі бойынша Wrestling Stars халықаралық турниріне қатысу үшін Астанаға келген еді. Оны қазақстандықтар шапан жауып, құрметпен қарсы алды.

    Шавкат Рахмонов 8 желтоқсанда ирландиялық Иэн Гэрримен Лас-Вегастағы (АҚШ) UFC 310 турнирінде жұдырықтасады. Олардың жекпе-жегі 5 раундқа жоспарланған. Екеуі де бұған дейін мүлде жеңіліп көрмеген. Гэрридің рекорды – 15-0 болса, Рахмоновтікі – 18-0.

    "Ол нағыз "киллер": әйгілі италиялық балуан Шавкат Рахмонов туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.