jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Шапан жауып қарсы алды: әйгілі балуан Франк Чамисо Астанаға келді

    Франк Чамисо мен күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Еркін
    Франк Чамисо мен күрес федерациясының вице-президенті Дәурен Еркін. Фото: instagram.com/dauren_erkin

    Еркін күрестен Олимпиада жүлдегері, 2 дүркін әлем чемпионы және 4 дүркін Еуропа чемпионы атанған италиялық әйгілі балуан Франк Чамисо Астанаға келді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sportbugin.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Франк Чамисоны қазақстандықтар дастархан жайып, құрметпен күтіп алған. Сондай-ақ олар балуанға қазақы шапан кигізді. Чамисо 29 қарашада Астанада еркін және грек-рим күресі бойынша өтетін Wrestling Stars халықаралық турниріне қатысады.

    Сонымен бірге бұл жарыста Улықбек Жолдошбеков (Қырғызстан), 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем чемпионы, үш дүркін Азия чемпионы, екі дүркін Әлем чемпионатының қола жүлдегері Азамат Дәулетбеков, Азияның екі дүркін чемпионы, әлем чемпионатының қола жүлдегері Данияр Қайсанов, Ярыгинский турнирінің жеңімпазы, Ресей чемпионы Алан Багаев, 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионы Исхар Құрбаев, Азия чемпионатының қола жүлдегері Мейрамбек Қартбай, сондай-ақ Азия чемпионы Санжар Досжанов, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қорлан Жақанша, жастар арасындағы әлем чемпионы Начин Қуулар және басқа да балуандар сынға түседі.

    Еске салайық, Санджуда (Оңтүстік Корея) күрес түрлерінен өткен халықаралық турнирде қазақстандық балуандар 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медаль еншілеген еді.

    Шапан жауып қарсы алды: әйгілі балуан Франк Чамисо Астанаға келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.