jitsu gif
Спорт

    Шавкат Рахмоновқа алдағы жекпе-жегінде бұрынғы бапкері көмектесетін болды

    Шавкат Рахмонов пен Баян Жанғалов жаттығып жатыр
    Шавкат Рахмонов пен Баян Жанғалов жаттығып жатыр. Фото: instagram.com/stories/baur500

    Қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновқа UFC-дегі кезекті жекпе-жегінде бұрынғы бапкері Баян Жанғалов көмектеседі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Шавкат Рахмонов UFC 310 турнирінде жекпе-жек өткізу үшін Лас-Вегасқа (АҚШ) ұшып барды. Ол 8 желтоқсанда ирландиялық файтер Иэн Гэрримен жұдырықтасады. Жеңіліп көрмеген қос спортшының бәсекесі 5 раундқа жоспарланған.

    Dar Team командасының жетекшісі Бауыржан Уталиев Instagram-дағы Stories-ке Шавкат Рахмонов пен оның бұрынғы бапкері Баян Жанғаловтың бірге жаттығып жатқан фотосын жариялады. Баян Жанғалов UFC октагонында шәкіртіне қолдау көрсету үшін АҚШ-қа ұшып барған.

    Жанғаловтың жетекшілігімен Рахмонов MMA-дан әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды, M-1 Global лигасында чемпион атағын жеңіп алды және UFC-де өнер көрсете бастады. Биыл жазда Шавкат бапкеріне жаңа көлік сыйлаған еді.

    Еске салайық, UFC промоушені Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иэн Гэрри арасындағы жекпе-жекке арналған фильм жариялаған еді.

    Шавкат Рахмоновқа алдағы жекпе-жегінде бұрынғы бапкері көмектесетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.